BANNER

Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақ билетінің құны 15 млн теңгеге дейін қымбаттады

ашық дереккөз

Ресей мен Қазақстан арасындаға ұшақ билеттерінің бағасы желіде дау тудырды. Бұған қатысты Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады. Ведомствоның айтуынша, бағасы шарықтаған билеттер транзиттік, деп хабарлайды  LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе лайнері Мәскеуден Дубайға, Дубайдан Алматыға қонады. Сол себепті баға қымбат.

 «Транзиттік рейсті Emirates әуе компаниясы мен Air Astana жүзеге асырады. Алдымен Мәскеуден Дубайға ұшады, кейін Дубайдан Алматыға. Негізгі себеп сол», – деді Ведомство.

Ал Мәскеуден тікелей Дубайға немесе Дубайдан Алматыға ұшатын рейстердің бағасы өзгерген жоқ.

«Мәселен, 21 қыркүйек 18:00-дегі жағдай бойынша SCAT әуе компаниясының ұшағы Мәскеуден Алматыға ұшу құны 250 мыңнан аспайды», – деді Авиация комитеті.

Қазақстандықтар бағаның қымбаттауына Ресейдегі мобилизацияның себеп болуы мүмкін екенін алға тартты. Көрші елден қоныс аударушылар саны күрт көбейген.