BANNER

Ұлытау облысындағы кеніште бір жұмысшы қаза тапты

pixabay.com

«Қазақмыстың» Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға болды.

№57 шахтада тауарлық-материалдық заттарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы құлап кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.