BANNER

Олимпиаданың соңғы күні: қазақстандықтар қай спорт түрінен сынға түседі

olympic.kz

Бүгін Парижде Олимпиада ойындарында жарыстың 16-шы күні өтеді, - деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Париж Олимпиадасының соңғы күнінде қазақстандықтар спорттың екі түрінен — еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды.

 

Жеңіл атлетика, марафон (әйелдер). Финал.

 

11:00 - Жанна Мамажанова

 

Еркін күрес, 97 келіге дейін. Жұбаныш белдесуі.

 

13:30 - Әлішер Ерғали - Әмір Али Азарпира (Иран)

 

Бүгін Олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен 23.15-те басталады.

 

Айта кетері, әзірге Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде 41-орында тұр.