Қарағанды облысында уақытша ұстау оқшаулағына қамалған екі күдікті қашып кетті

Фото жүктелмеген

Кеше Шахтинск қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан екі адам қашып кетті. Әйтсе де, тәртіп сақшылары қашқындарды бірден қолға түсірді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 және 25 жастағы екі тұтқын уақытша ұстау изоляторының серуендеу ауласынан қашқан. Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы із кесіп, қашқындардың қайда жасырынғанын анықтады. Енді осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 426 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.