BANNER

Доллар апта аяғында сәл қымбаттады

Сурет: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, 541,19 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 541,34 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,58 теңгеден сатып алынады, 543,43 теңгеден сатылады. Еуро 636,63 – 640,84 теңге, ал рубль 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,59 теңгеден сатып алынады, 79,33 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 539,66 теңгеден сатып алынады, 544,66 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 634,78 теңге, сату – 642,79 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,45 теңге, сату – 6,65 теңге;

– юань: сатып алу – 77,28 теңге, сату – 81,45 теңге.

Еске салайық, 18 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,21 теңгеге қымбаттап, 541,34 теңге болды.