Негізгі назар жасанды интеллектіні дамытуға аударылды. Президент атап өткендей, жасанды интеллект – бұл жай ғана технология емес, ол экономиканың, білім беру мен денсаулық сақтаудың тиімділігін арттыратын құрал. Бүгінде жастар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда, ал «Жастар Рухы» цифрлық бастамаларды алға жылжытып, қазақстандық жастарды заманауи дағдыларға үйретуге белсенді атсалысып келеді.
Экологиялық мәселелерге де үлкен мән берілді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы болашақ ұрпақ үшін таза әрі салауатты ортаны сақтауға бағытталған жалпыұлттық міндетке айналуда. Жастар ұйымдары мен еріктілер осындай өзгерістердің локомотиві бола алатынын дәлелдеді, ал «Жастар Рухы» осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Президент бұқаралық спортты дамытуға да ерекше тоқталды. Биыл біз «Чемпиондық Рух» атты ауқымды жастар жобасын бастадық. Жоба салауатты өмір салтын дәріптеуге және мыңдаған жасөспірімді спортпен белсенді айналысуға тартуға бағытталған. Бұл қозғалыс мықты әрі дені сау қоғамның символына айналады.
Жолдауда саяси реформаларға да айрықша көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы қос палаталы емес, бір палаталы Парламентке көшуді ұсынды. Бұл бастама заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған. Мұндай қадам елдің саяси тарихында жаңа парақ ашады.
2025 жылғы Жолдау – бұл жаңару мен даму, бірлікке шақыру. Қазақстан жастары осы өзгерістерге белсенді қатысуға дайын.