BANNER

Биыл Қарағанды облысында майлы және жемшөп дақылдарын өсіретін алқаптар ұлғаяды

Фото: gov.kz

Қарағанды облысының аграршылары көктемгі дала жұмыстарына дайындалуда. Биыл өңірде дәнді дақылдар егілетін алқапты қысқарту және майлы дақылдар отырғызу үшін 27,3 мың гектарға және 18,2 мың гектарға жемшөп дақылдарын ұлғайту жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте егіс жұмыстарына дайындық туралы айтып берді.

– Жалпы жаздық егіс алқабын 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,3 мың гектарға ұлғайту және 1 млн 109 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, бұл ретте дәнді дақылдар алқабы 959,1 мың гектарды, майлы дақылдар – 57 мың гектарды, картоп – 11 508 гектарды, көкөністер – 1 227 гектарды, жемшөп – 80 мың гектарды құрайды, – деп хабарлады Саят Мусин.

Өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымына қажеттілік әлі жабылған жоқ. Дегенмен, Саят Мусиннің айтуынша, фермерлерде маңызды проблемалар болмауы тиіс.

Өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп тыңайтқыш енгізіледі – 581 мың гектар алқапқа шамамен 71,5 тонна.

Өңірде 4,5 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда, олардың жалпы ауданы 34,7 мың гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы техникасын белсенді дайындау жүріп жатыр. Алқаптарға шамамен 24 мың бірлік техника тарту жоспарлануда.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Қарағанды облысы үшін 17,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Фермерлер "ҚазАгроҚаржы" АҚ-нан жеңілдікті несие ала алады. Осы мақсатқа 7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 40 фермерге несие берілді. Сондай-ақ, 3,8 млн теңге сомасына субсидиялар түрінде өсімдік шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету көзделген.