BANNER

Ермағанбет Бөлекпаев ерекше балалардың ата-аналарымен кездесті

Фото: gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мүгедектігі бар және ақыл-есі кем балалардың ата-аналарымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Тұрақты ашық диалог проблемаларды анықтауға, қол жетімді ортаны құру үшін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін көтерілген мәселелерді шешу жолдары туралы білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова баяндады.

Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар 15 мыңға жуық бала бар, олардың 2 475-і мүгедек балалар. Ведомство басшысы арнайы білім беру ұйымдарына кезектерді қысқарту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

– Биыл Қарағандыда ПМПК, Балқашта түзету кабинеттерін, 2025 жылы Бұқар Жырау ауданында ПМПК ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл 150 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысы іске асырылуда. Сондай-ақ облыстың жалпы білім беретін мектептерінде арнайы сыныптар ашуды жалғастырамыз, – деді Гүлбақыт Жүнісова.

Инклюзивті практика бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдарды сатып алу бюджеттен қаржыландырылады.

Білім беру нысандарын бейімдеу жалғасады.

Колледждерде бес мамандық бойынша арнайы студенттер үшін жаңа топтар ашу жоспарлануда: тамақтануды ұйымдастыру, тігін өндірісі және киім үлгілеу, аяқ киім жасау, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, сәндік-қолданбалы өнер және халық қолөнері. Жұмысқа орналасу проблемалары әлі де қалып отыр, бұл мәселені жұмыс берушілермен бірлесіп шешу қажет.

18 жастан асқан мүгедектігі бар жастардың әлеуметтік бейімделуі ерекше назар аударуды қажет етеді.

Кездесуде барлық басқа салалар қозғалды: әлеуметтік қорғау, медицина, спорт. Мүгедектігі бар адамдарға арналған бірыңғай порталдың жұмысы талқыланды. Ол қазірдің өзінде жұмыс істейді, бірақ әлі толық кестемен емес. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін барлық ведомстволардың белсенділігі қажет. Үйден шықпай-ақ алуға болатын барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды.

Ерекше балаларға көмек көрсететін ата-аналар мен қоғам қайраткерлері өз ұсыныстарын білдірді. Мектептерде бейімделген дене шынықтырумен айналысу мүмкіндігі талқыланды. Теміртаулық ақыл-есінде кемістігі бар балалардың ата-аналары Қарағанды білім беру орталығына бару үшін көлік ұйымдастыруды сұрады.

Кездесу барысында Ермағанбет Бөлекпаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол қалалар мен аудандардың әкімдерін ерекше балалардың ата-аналарымен тұрақты байланыста болуға шақырды.

– Жақсы ұсыныстар бар. Менің әріптестерім естіді деп ойлаймын. Біз сондай-ақ үнемі кездесіп, барлық мәселелерді бірлесіп шешеміз. Қазір сұрақтар шеңбері анықталды, келесі кездесуде шешімдер туралы хабардар етеміз, – деді облыс әкімі.