Қарағанды облысында биыл 450 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы өсуде.  Қаржыландыру көздері есебінен биыл 450 мың шаршы метрді іске қосу жоспарлануда.

Бұл туралы аппараттық кеңесте құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұрат Мағзин мәлімдеді.

– 2024 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 450 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе 3442 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Жалпы көлемнің ішінде коммерциялық тұрғын үйдің үлесі 57%, мемлекеттік тұрғын үйдің үлесі – 32%, жеке тұрғын үйдің үлесі 11% – құрайды, – деп баяндады ведомство басшысы.

Оның мәліметінше, екі айда 90 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Биыл Қарағанды, Балқаш және Теміртауда сегіз кредиттік үйді іске қосу жоспарлануда. Бұл "Отбасы банкі" арқылы кезекте тұрған 459 пәтер.

Кезекте тұрғандарға әлеуметтік қорғалатын санаттардан жалға тұрғын үй беріледі.

Облыстық бюджеттен Қарқаралы мен Осакаровкадағы үйлерді салуға, Саран мен Шахан кентіндегі тұрғын үйлерді қайта жаңартуға қаражат бөлінді.

Тұрғын үй құрылысы жоспарлары туралы Қарағанды, Теміртау және Балқаш әкімдері де баяндады. Мәселен, биылғы жылы Теміртауда 370-ке жуық отбасы жалдамалы пәтерлермен қамтамасыз етілмек.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

– Жұмыстың сапасына назар аударамын. Пәтерлерді тапсырғаннан кейін көптеген сұрақтар туындайды. Бұған жол бермеуге тырысыңыз, – деп атап өтті аймақ басшысы.