BANNER

Қарағандыда 2 жасар бүлдіршін төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Фото: pexels.com

18 маусымда Қарағанды қаласының Н.Назарбаев даңғылында пәтердің төртінші қабатының терезесінен екі жасар қыз бала құлап кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, оның анасы үйде болған және аз уакыт ішінде оның терезеге қалай көтеріліп, терезенің москит торына сүйеніп, құлап кеткенін байқамай қалған. Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.