BANNER

Қарағандыда демалыс күндері болатын іс шаралар тізімі

Фото: gov.kz

Алдағы сенбі және жексенбі, 22 және 23 маусымда Қарағанды тұрғындары үшін саябақтар мен мәдениет үйлерінде концерттер, хореографиялық ұжымдардың қойылымдары, спорттық іс-шаралар өтеді.

22 маусым

Орталық саябақ

10:00–12:00 – әскери оркестрдің өнер көрсетуі, 52859 әскери бөлімінің ант қабылдауы.

15:30 – "На кухне" тобының концерттік бағдарламасы.

18:00 – Юрий Шатуновты еске алу кеші.

 

23 маусым

Орталық саябақ, сахна

09:00 – Халықаралық йога күніне арналған бағдарлама. Қатысу үшін өзіңіздің кілемшеңіз болуы керек.

14:00 – "Ашық микрофон" инклюзивті таланттар фестивалі.

18:00 – "Твоя сцена" студиясының концерттік бағдарламасы.

Орталық саябақ, "Қарағанды" фотоаймағының жанында

10:00 – зумба жаттығуы. 

"Молодежный" мәдениет үйінің алдындағы алаң

17:00 – "Премиум" эстрадалық би ансамблі мен мәдениет үйінің солистерінің "Мәңгі жырым, Қарағанды" концерттік бағдарламасы.

18:00 – зумба-фитнестің "Бізбен бірге атмосфераға шолу" көрсетілімі.

Теміржолшылардың мәдениет сарайының алдындағы алаң

17:00 – "Ноталар бойынша әуенді тап" импровизация сағаты және "Гости из прошлого" ВИА концерттік бағдарламасы.