BANNER

Қарағандыда такси жүргізушісінің қос телефонын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Фото: unsplash.com

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны хабарласты,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі zakon.kz сілтеме жасап.

Оның такси жүргізушісі болып қызмет ететіні белгілі болды. Сол күні ол таксимен бір жолаушыны діттеген жеріне дейін апарып тастаған.

Жолаушының діттеген жеріне барар жолда жүргізуші дәріханаға тоқтап, өзіне қажетті дәрі алған, кейін көлігіне келгенде жолаушының жоқ екенін байқаған.

Жолаушы көліктен кеткенде жүргізушінің қос телефонын ұрлап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері кезінде тәртіп сақшылар "ізін суытпай" қылмысқа қатысы бар 26 жастағы азаматшаны ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.