BANNER

ҚАРАҒАНДЫДА ТАЛМА АУРУЫНА ТҰҢҒЫШ РЕТ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Фото: unsplash.com

Қарағандылық дәрігерлер эпилепсиямен ауыратын адамның миына күрделі операция жасады ,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 24.kz сілтеме жасап.


Мұндай ота елде алғаш рет жасалып отыр. Нәтижесінде науқастың талмасы сиреген. Жалпы эпилепсиямен ауыратындардың 30 пайызы ғана хирургиялық жолмен емделеді екен. «Қалған 70 пайызына емнің басқа түрлері қолданылады», - дейді дәрігерлер. Бұл операция кезінде дәрігерлер мидың жеке бөліктерін белсенді ететін қондырғы орнатты. Ол реттелмейтін эпилепсиялық толқындарды жоюға көмектеседі. 24 жастағы жігітке жасалған операция 3,5 сағатқа созылды. 

 

Тимур Мұсабеков, емделуші:  
- Алғаш 2014-ші жылы басталған. Тәулігіне 16-17 рет талмам ұстап қалатын. Операциядан кейін өзімді жақсы сезінемін. Көңіл-күйім де жақсарды. Ең бастысы аяқ қолымның тартылып қалуы азайды.  

 

Ғабит Махамбаев, "Х. Мақажанов атындағы Көпсалалы аурухананың" нейрохирургия орталығының басшысы:
- Бізде 2019 жылдан бастап басқа ауруларға жасалып жатыр. 5 жылдың ішінде Паркинсон, дистония дегендерге жасадық. Эпилепсияға бірінші рет жасалған операция. Жақсы өтті. Қазір науқаста приступ болған жоқ. Стимулятор қосылды. Оның параметрлері әлі де көтеріледі. Біз ойлаймыз бұл науқастың келешегі жақсы болуы тиіс.