Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты бап жеңілдетілді

Фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамға қатысты іс бойынша баптың өзгеруіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, алғашында күдіктінің үстінен “бұзақылық ниетпен денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша жәбірленушінің алған жарақаты жеңіл дәрежеде екені анықталды. Сондықтан күдіктінің әрекетіне “бұзақылық” бабы бойынша баға беріледі. 21 ақпанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурорға жіберілді, ол шешімнің заңдылығын тексергеннен кейін, күдіктінің ісін сотқа жіберді", – делінген хабарламада.