BANNER

Қарағандыда жоғары лауазымды экс-полицей өз-өзіне қол жұмсады

Фото: gov.kz

Қарағандыда бес баланың әкесі,  48 жастағы экс-полицей өз үйінің ауласында өзін атып өлтірді,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.

​​Бұл туралы Orda.kz редакциясына облыстық полиция департаменті хабарлады.

«10 маусымда үйдің ауласынан тіркелген мылтықтан өзіне оқ атып, өз-өзіне қол жұмсаған 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Факті полицияда тіркелді. Тергеу жүріп жатыр»

«ПАТРИОТ» telegram-арнасының хабарлауынша, бұрынғы полицейдің есімі Самат Құсайынов. Ол зейнеткер еді. Таңертең ол бір баланы лагерге, екіншісін балабақшаға апарды. Үйге келген ол таңғы сағат 10-да өзіне қол жұмсаған.

Самат Құсайынов соңғы бірнеше жылда бес баланы өзі тәрбиелеп отыр. Әйелі ақшаны «жылыстату» бабы бойынша экономикалық қылмыс жасағаны үшін колонияда жазасын өтеп жатыр. Құсайынов ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарында, сонымен қатар Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде  қызмет атқарған.