Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының бірқатар азаматы марапатталды. LIFE09 ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап құжаттың толық мәтінін жариялайды.
***
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:
«Құрмет» орденімен
Әлиева Эльмира Қайырқызы – «Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы – оқытушысы, Қарағанды қаласы.
Морозов Евгений Семенович – «Облыстық клиникалық аурухана» КМК бөлімше меңгерушісі, Қарағанды қаласы;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Берг Алексей Александрович – «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы, Қарағанды облысының Теміртау қаласы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Қасымов Артём Иренғайыпұлы – «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы, Қарағанды облысының Шахтинск қаласы.
Қожахметова Ләззат Таймырқызы – «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы, Қарағанды қаласы.
Комарда Александр Владимирович – «Kazakhmys Coal» (Қазақмыс Коал) ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі, Қарағанды облысының Осакаров ауданы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 4 қазан № 1030