BANNER

Қарағандыда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, электр желісі үзілді

pixabay.com

Бүгін сағат 08.00-де облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі жағдайға байланысты жедел штаб өткізді. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, қатты желдің салдарынан кейбір аудандарда шатырлар жұлынған, электр сымдары үзілген.

Ағымдағы жылдың 6-7 қарашасында Қарағанды облысында 20 м/с-тан асатын қатты желдің салдарынан шатырдың бұзылуының 9 оқиғасы тіркелді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ; барлық жағдайларға комиссиялық сараптама жүргізіледі.

Ауа райының нашарлауына, бұрқасын, екпіні секундына 30 метрге жететін желдің күшеюіне байланысты Қарағанды облысының кейбір елді мекендерінде электр қуатының үзілуі тіркелуде.

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру бригадалары ажыратуларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде, олардың басым бөлігі жөнделді.

Өңірдегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Жиында әкімдіктер барлығы қалпына келтірілетінін хабарлады. Электрмен жабдықтау жағдайы бақылауда.