Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан қалалары бойынша ораза ұстау кестесін жариялады.
Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі - Рамазан айы. Биыл оның ұзақтығы - 30 күн. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрбиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы. Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айдан да қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай.
Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал, сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.