"Қазгидромет" 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде қатты аяз болып, жел күшейеді,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С-қа дейін өте қатты аяз болып, қар жауады, жел соғады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -35-39°С қатты аяз болады.
Қызылорда облысында екпіні 23 м/с болатын жел соғады. Қызылордада желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Таулы аймақтарда қар жауады. Жел 23-28 м/с күшейеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Абай облысының орталығында, оңтүстік-батыста, шығыста бұрқасын болады. Жел күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел 23-28 м/с күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ауа райының төмен деңгейі туралы ескерту сақталады.