Еліміздің тоғыз аймағында оқушылар қашықтан оқиды

Фото:pixabay.com

Қазақстанның тоғыз облысында мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 

Бірнеше облыстың білім басқармаларының мәліметінше, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Түркістан, Петропавлда мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды.

Еске салайық, бұған дейін Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасап, алдағы уақытта 45 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған еді.