BANNER

Қарқаралы ауданындағы өрт оқшауланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Құтқарушылар Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында табиғи өрт оқшауланғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

"Қарағанды облысында табиғи өрт оқшауланды. Өртенген жер аумағы анықталуда", – делінген ТЖД хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қарқаралы ауданында дала өрті басталып, одан әрі от 35 мың гектар жерді шарпыған болатын. Оқиға орнында құтқарушылардың жұмысын басқарған жедел штаб құрылды.