Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Сурет: pixabay.com

Еліміздің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасымен онлайн EPS жүйесіне қосылу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Бұл - Оңтүстік Корея мемлекетінің шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жасалған «Emploment permit system» жүйесі. Бүгінгі таңда жүйеде 16 ел азаматтары тіркелген. Қазақстан өз азаматтарын 17-ші болып тіркеуге келісім құжаттарын дайындап қойды. Наурыз айында екі ел келісімге қол қояды.