Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа үкім шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz- ке сілтеме жасап.
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.
Сот үкімімен Руслан Ысқақов 15 жыл 6 ай мерзімге сотталды.
Полковник Ысқақов бұрын сотта Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.
Олар Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтпауым үшін осыған барып отыр (сотты жабық өткізу), - деген еді Руслан Ысқақов сотта сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевті қамау туралы нұсқау шетелден түскенін айтты. Алайда қай елден екенін ашып сөйлемеген.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының жедел штабын ҰҚК Алматы департаментін басқарған Нұрлан Мәжілов басқарғанын жеткізді. Ысқақовтың өзі сотқа ҰҚК Алматы департаментіндегі уақытша қамау изоляторынан ZOOM арқылы қатысып отыр. Адвокаттары бұған дейін судьядан оны сот залына әкелуді талап еткен.