Тбилисиде жұртқа танымал трансгендер модель, Тrans star international сұлулық байқауына қатысушы Кесария Абрамидзе өзінің үйінде өлі күйде табылды. Бұл жөнінде "Рустави 2" арнасы хабарлады.
Полиция "Қасақана өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірқатар ақпарат құралдарының хабарлауынша, 37 жастағы Абрамидзені пышақтап өлтіріп кеткен болуы мүмкін.
The Insider басылымы бұл Грузияда трансгендер әйелдердің өліміне қатысты атышулы үшінші жағдай екенін жазды.
Былтыр Тбилисиде мыңдаған адам ЛГБТ-фестивалін талқандап, қалада бірнеше күн бойы тәртіпсіздік жалғасқан.
Абрамидзенің қазасынан екі күн бұрын Грузия парламенті "ЛГБТ-ны насихаттауға" және жынысты өзгерту туралы заң қабылдаған. Құжатқа 84 депутат дауыс беріп, бірде бір адам қарсы шықпаған.
Заңға сәйкес, ЛГБТ өкілдеріне бір-бірімен некелесуге және бала тәрбиелеуге, құжаттарындағы гендерлік белгіні өзгертуге, мектептер мен ақпарат құралдарында ЛГБТ туралы айтуға, фестиваль және жиын өткізуге тыйым салынған.
Құжатты Грузия қосылғысы келетін Еуроодақ қатаң сынаған.