BANNER

Алматыда шекара академиясының курсанты көз жұмды

Фото: s

Алматы қаласында ҰҚК шекара академиясының курсанты қаза тапты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

19 жастағы жігіт Достық даңғылындағы көпқабатты үйден құлап, қайтыс болды. Оны суицидке итермеледі деген болжам бар.

Алматы қалалық полиция департаменті Sputnik Қазақстанға Қылмыстық кодекстің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеу басталғанын растады.

"Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде осы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.

 

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 105-бабында жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтіруіне дейін немесе өзiн-өзi өлтіруге оқталуына дейiн жеткiзгені үшін үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал адамдар тобы жасалған әрекет болса, бес жылға дейiнгi жаза қолданылады.