Алматыдағы Сәтбаев университетінің студенттері дереу эвакуацияланды

Фото: unsplash.com

Алматыдағы Сәтбаев университетінің студенттері дереу эвакуацияланды,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі stan.kz сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде "Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі" адамдардың түтінге тұншығып жатқан видеосы тарады.


Бейнежазбадан мекемедегі адамдардың ғимаратты тастап, сыртқа шығып жатқанын көруге болады. Жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі бас ғимараттан түтін шыққанын және төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. 


“Ғимараттағы жылу желісінен ақау шығып, қабаттардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан еді. Жөндеушілердің бірі шарқайрақ (болгарка) жұмыс істеп жатқан сәтте одан ұшқан ұшқын тозығы жеткен шүберекке тиіп кеткен. Сөйтіп ол түтіндеп, иіс шыға бастаған. Енді жана бастаған шүберек өрт сөндіру ережесіне сай өшірілді. Ешқандай өрт болған жоқ, бірақ дабыл қағылып, адамдар эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ”, делінген хабарламада.