Астанада ҰБТ эксперттерімен алғашқы конференция өтті

Фото автордікі

Астанада Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлайтын эксперттердің және Ұлттық тестілеу орталығының қатысуымен алғашқы ҰБТ конференциясы өткізілді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Конференцияда қаңтар ҰБТ қорытындылары және 11 сыныптардың нағыз ҰБТ-ға дайындығы жайлы сөз қозғалды.  Ұлттық бірыңғай тестілеу – білім беру саласында үлкен маңызы бар емтихан. Бұл емтихан аясында мектеп бітіруші түлектерде жауапсыз қалған сұрақтарға жауап беру мақсатымен ауқымды конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға психолог мамандары Азамат Скаков, Ержан Мырзабаев, профориентолог Бабур Адильхан және Ұлттық бірыңғай тестілеудің барлық пәндері бойынша даярлайтын қосымша білім беру эксперттері қатысты. Конференция алғашқы рет онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылады. Спикерлер өздерінің құзыретті тақырыптарында баяндама жасайды. Оффлайн қатысуға мектеп оқушылары мен мүдделі тұлғаларға 200 орын қарастырылған.

сурет автордан

Мектеп оқушылары қаңтар ҰБТ-ның нәтижесін қорытындылау, оқушылардың дайындығын арттыру, нағыз ҰБТ-ға қатысты кеңес алу, жеке эксперттердің пән бойынша пайдалы ақпараттар алу, профориентолог маманына сұрақ қою, оқушыларға жоспар құру және уақытты дұрыс пайдалану тақырыптарында сұрақтарына жауап алды. Конференцияның мақсаты - 10-11 сынып түлектеріне тестілеу және мемлекеттік грант жайлы ақпарат беру. Конференция ұйымдастырушысы - «Физика мектебі» физика және математика пәндерін даярлау мектебі.