Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәлімдеуінше, Қуандық Бишімбаев қатаң режімдегі мекемеде жазасын өтеп жатыр.
Ал, әлеуметтік желіде таралған «Қ.Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы» мәліметтер шындыққа жанаспайды.
Жалған ақпараттың таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапқа тартылады.
Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
-