BANNER

Доллар бағамы 600 теңгеге дейін өсе ме? – Ұлттық банк жауап берді

pixabay.com

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

"Менің ойымша, санның өзіне көп мән береміз. Өсу қарқыны маңызды", – деді Тутушкин Сенат кулуарында.

Журналистер доллар құны 600 теңгеге дейін өсе ме деп сұрады.

"Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас бағамы еркін режимде", – деді ол.