BANNER

Елімізде 32 градусқа дейін аяз болады

pixaboy

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2024 жылғы 13 ақпан мен 15 ақпанға дейінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа температурасының құбылуы күтілуде.

13-14 ақпанда фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ батыста -5+5°С, солтүстік, орталық шығыс облыстарда -5+2°С дейін көтеріледі, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Болжам бойынша, 15 ақпанда Қазақстан аумағынан циклон шығады, оның орнын қарсыз арктикалық антициклон алады, ол республиканың солтүстік жартысында аязды қайтарады.

Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде -22-32°С, күндіз -15-27°С дейін төмендейді деп күтілуде, - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің қалған аумағында температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейтінін атап өтті.