BANNER

Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге деген көзқарас өзгерді

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуде жаңаша шешім қабылданды. Орташа жөндеуден өткен учаскелерде жаңа асфальт екі қабат етіп төселеді. Бұрын бір қабат төселген. Бұл жол төсемінің беріктігін арттырып, жүктемені көтеруге мүмкіндік береді.

Биыл жолдарды орташа жөндеу алты учаскеде жүргізіледі:

Керней – Семізбұғы;

Қарағанды – Тоғызқұдық;

Ақой – С. Сейфуллин – Ақсу-Аюлы;

Осакаров – Молодежный;

Нұра – Шахтерское;

Қарағанды – Шахтинск.

Алдағы маусымда барлығы 673 км автожолды жөндеу жоспарланған, оның 242-сі республикалық маңызы бар, 84-і облыстық. Сондай-ақ, қалалық және кентішілік жолдарды ретке келтіру жалғасады.

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте жол маусымының жоспары талқыланды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Мұқашев осы жылы аяқталуы тиіс жобалар туралы айтып берді. Бұл Нұра – Осакаров, Жартас – Долинка, Үштөбе – Құрылыс автожолдарын қайта құру.

Сондай-ақ, екі көпірдің қайта жөнделуі аяқталуға жақын: Теміртау – Токаревка автожолындағы Нұра өзені арқылы, Саран – Шахтинск автожолындағы Шерубай-Нұра өзені арқылы.

Биыл Осакаров – Литвиновское – Тельманское – Молодежный автожолындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірді қайта жөндеу басталады.

Жаңа жобалар әзірленді, оларға биыл кірісу жоспарланған. Бұл Шахан – Жаңаталап, Дубовка – Саран автожолдарын қайта құру.

Бұдан басқа, Saran индустриялық аймағына айналма жол салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

Биыл қалалар мен аудандарда 237 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша облыстың 24 елді мекеніндегі 110 шақырым кентішілік жол жөндеуден өтеді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жол инфрақұрылымын дамыту үшін барлық жобаларды тиімді және уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сапаны бақылау барлық кезеңде - пайдаланылатын материалдардан бастап жұмыс өндірісіне дейін болуы тиіс, деп атап өтті ол. Сараптама жүргізу үшін әкімдіктер Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалымен шарттар жасасады.