BANNER

Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебіне салынған жаңа медпункт ашылды

gov.kz

Шет ауданының Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт іске қосылды. Ол мемлекетке қайтарылған активтер есебінен, Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.

Медпункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, барлық қажетті кабинеттерді қамтиды: дәрігерге дейінгі қабылдау, қарау, процедуралық және пациенттерді қабылдау бөлмелері бар. Сонымен қатар, медпунктке аудандық аурухананың реанимобилі бекітілген, бұл шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

— Мен Еңбекшіл ауылында 10 жылдан астам уақыт медбике болып жұмыс істеймін. Ауылымызда заманауи медициналық мекеменің ашылғанына қуаныштымын. Енді тұрғындарға медициналық көмек алу үшін ауданға немесе қалаға барудың қажеті жоқ, олар сапалы емді өз ауылында ала алады, — дейді медбике Қымбат Серікқызы.

Бұл Шет ауданында қайтарылған активтер есебінен жүзеге асқан жалғыз медициналық жоба емес. Жыланды ауылында да жаңа медпункттің құрылысы жүріп жатыр.

Бар-жоғы арнайы мемлекеттік қор есебінен Қарағанды облысында 24 медициналық мекеме салынды. Тағы 27 нысанның құрылысы жалғасуда.