BANNER

Қарағанды облысының фермерлері өз өнімдерін Астанада ұсынады

Gov.kz

Алдағы демалыс күндері, 11-12 қазанда, Астанада Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. Өңірдің аграрийлері елордаға 560 тонна өнім әкеледі. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, көкөніс, балық, жұмыртқа және басқа да азық-түлік түрлері бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, елордада өтетін жәрмеңкеге аймақтың 90-нан астам шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. Олар бас қалаға шамамен 130 тонна ет, 18 тонна сүт өнімдері мен 390 тонна көкөніс жеткізеді. Қарағандылық құс фабрикалары жәрмеңкеге 160 мың дана жұмыртқа жібереді.

Барлық өнім нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.

Айта кетейік, биыл аймақтық жәрмеңкелер Астанадағы «Қазанат» ипподромының автотұрақ аумағында, Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайы бойынша өткізіледі.