BANNER

2026 жылдан 2028 жылға дейін Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

Stan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылға республикалық бюджеттен 6,8 триллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Оның 6,7 триллионы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады, делінген заң жобасында. 2027 жылы 7,4 триллион теңге, ал 2028 жылға қарай бұл сома 8 триллион теңгеге жетеді.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 2 миллион 503 мың зейнеткер бар.