Қарағандыда 39 жастағы тұрғын есірткі жасауға арналған прекурсорларды тасымалдап жүрген жерінен ұсталды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның үйінен 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден аса дайын есірткі тәркіленді.
Нәтижесінде 500 мың доза синтетикалық есірткінің сатылуына тосқауыл қойылды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.