BANNER

Қарағандыға гастрольдік сапармен елорданың иммерсивті театры келеді

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыға Астанадан JAN иммерсивті театры келеді. Елордалық әртістер 1 қарашада Сәкен Сейфуллин атындағы театр сахнасында өнер көрсетеді.

Қарағандылық көрермен "Өліара" лирикалық комедиясын тамашалайды. Пьесаның авторы – Бейбіт Сарыбай.

Оқиға 2000 жылдардың басында орын алған, сол кездегі мәдениет пен атмосфераны бейнелейді. Спектакль мектеп түлектерінің кәмелетке толу қарсаңында үміттері мен қорқыныштарын, сондай-ақ олардың армандары мен шындықтары арасындағы күрестерін жеткізеді. Бұл әлемде өз орнын табу туралы терең және әсерлі оқиға.

Спектакльдердің басталуы 16:00 және 19:00.