Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

pixaboy

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы  Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

21-22 ақпанда түнде Қарағанды облысының шығысында 40 градус өте қатты аяз күтіледі. 22 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз сақталады.

21 ақпанда түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

21 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 ақпанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 21 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

21 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында 40 градус қатты аяз сақталады. Өскемен қ.: 21 ақпанда түнде 40 градус қатты аяз сақталады.

Түнде 21-22 ақпанда Қарағанды облысында 35 градус қатты аяз сақталады.