5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының басталуына 2 күн қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Көшпенділер ойынына 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысады. Олардың ішінде америкалық ковбойлар да бар. Көкпардан АҚШ құрамасы таңғы 7:20-да Астана халықаралық әуежайына келді.
"Көкпар өте қызықты ойын. Көкпар ойынымен 12 жасымда таныса бастадым. Бұл ойын қиын спорт түрі. Көкпар арқылы Қазақстанды жақсы тани бастадым. Көшпенділер ойындарына 24-30 аралығында 9 адам келдік. Көкпардағы ең маңызды нәрсе аттың өзін жақсы сезінуі", - дейді көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Скотт Симмерман.
Айта кетейік, елімізде Көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек күндері өтеді.