BANNER

«Масқарам шыға ма деп қорықтым»: Журналист марқұм Жанардың «жаны» келіп, шындықты айтқанын жазды

-

Журналист Жанат Бақыт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Жанар Хамитованың әруағы түсіне кіргенін айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталыны сілтеме жасап.

«Мұп-мұздай болып Жанар Хамитованың жаны келіп тұр. Көзінің асты көгеріп кеткен. Тістеніп, суицид жасардың алдында қандай эмоцияда болады дәл сондай эмоциямен келді:

Мен өлімге дайындалған жоқ едім. Ол әйел есірткі қолданып мені екі еркекпен жатқызып видеоға түсірді. Сол видеомен бопсалады. «Қолымдағы қуыршақ боласың! Айтқанымды істейсің! Өйтпейді екенсің, мына видео бүкіл әлеуметтік желіге тарайды!, деп қорқытты. Қорықтым. Масқарам шығар еді. Сосын мен өлдім, ол да видеоны жойды. Мен топта жүргенде өнерімді қызғанғандар мені есірткіге тәуелді етті. … Менің қазір уақытым көп. Ол әйелдің ісі, отбасының, әке-шешесінің былығы ашылмай ешқайда кетпей осылай бақылап тұрамын. Кетпеймін! Шетелдік жұлдыздардың былығының ашылуы бұл басы. Продюсерлердің жұлдыз қылған қыздарды бай еркектердің астына ақша үшін қалай жатқызатынын, шөп, есірткіге отырып алғандарын. Жұлдыздардың бір-бірінің әйелімен былығып жата беретінін білесіңдер әлі. Көреміз табынғандарыңды сол кезде!, — деді», деп жазды Жанат Бақыт.

Мұны оқыған желі қолданушылары өз таңданыстарын жасыра алмады. Бірі осылай болғанын сездім десе, енді бірі жүрегі ұстап қалғанын алға тартты.

Журналист марқұм Жанар Хамитованың сөзін қаз-қалпында жазғанын айтты. Сонымен қатар жазуын өтінгенін, аманатты орындағанын жеткізді.