Танымал әнші Тамара Асар мен жолдасының бірінші некесінен туған ұлы Әлішер дүниеден озды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаралы хабарды Қостанай облысы, Наурызым ауданының әкімдігі хабарлады.
“Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл орны толмас ауыр мезгілсіз қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін”, – деп жазды Наурызым ауданының әкімдікі.
Еске салайық, тамыз айында өнер иесі ұлына арнап жазба жариялаған еді.
“Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз! Ажартайдың ақасы! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен “мама” деп атаған сеніміңе рахмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын! Әмин”, – деп жазды әнші.
"Мезгілсіз қаза": Тамара Асардың ұлы дүниеден озды

Инста парақшадан