Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

pixaboy

Синоптиктер ертең, 2 ақпанда Астанада, Шымкентте және тағы 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Астанада жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман.

Ақтөбе облысының бытысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.