Синоптиктер сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

zhanaqorgan-tynysy.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 19 қаңтарда елдің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман.