BANNER

Талғарда марқұм Шерзаттың ағасының денесі табылды

Ашық дереккөз

Талғарда марқұм Шерзаттың ағасының денесі табылды, бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Полиция таратқан мәліметке сүйенсек, 30 жастағы азамат өзіне қол салған.

"Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Оған қоса полиция Шерзат Болаттың отбасында арнайы күзет болғанын хабарлады.

"Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кетіп қалған, - делінген хабарда.