«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алған , деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Абай облысының прокуратурасының мәліметінше, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай-ақ жалақы алып келген.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді, - делінген мәліметте.
Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.