BANNER

Ұлыбританияда Паралимпиада алауы жағылды

olympic.kz

Ұлыбританияның Сток Мандевилл ауылында Паралимпиада алауы жағылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Оны британ паралимпиадашылары Хелен Рейнсфорд пен Грегор Эван тұтандырды. Жалпы салтанатты шараға 250 қонақ қатысты. Соның ішінде Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс те болды. Енді алауды Францияның астанасы Парижге жеткізеді.

Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында өтеді.