BANNER

Әйелдер боксы: Қазақстан әлем чемпионатында екінші орын алды

ҰОК

9-16 наурызда Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

 Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева ел қоржынына алтын медаль сыйлады.

 Виктория Графеева, Елдана Тәліпова күміс жүлдеге ие болды.

 Наталья Богданова қолаға қол жеткізді.

Жүлде қоры:

Алтын жүлде үшін – 100 000$

Күміс жүлде үшін – 50 000$

Қола жүлде үшін – 25 000$

Ширек финалистер – 10 000$

Жарысқа 51 мемлекет қатысып, Қазақстан, Ресей, Сербия және Өзбекстан ғана барлық 12 салмақта толық құрамда өнер көрсетті.

 

1

1