Желіде Қарағандының бұрынғы әкімі Шәймерден Оразалиновтың ұлы қарт анасын соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады

nur.kz сайтынан алыңған

Ол 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Таяқ жеген қарт әйел ұлына зиян тигізбеу үшін жедел жәрдем шақыруға қорқып, екі күн бойы үйде жатқан. Бірақ үшінші күні қарт әйелдің ауыр халін көрген көршілер оның нашарлап бара жатқанын айтып, дәрігер шақырған.

Кейін дәрігерлер полицияға хабарласып, полиция қызметкерлері өз кезегінде ұлын ұстады. Жауап алу кезінде ол проблемаларға байланысты жүйкесі жұқарғанын, сол себепті анасына ренжігенін айтты.

Қарағандының тергеу соты қазір марқұм Оразалиновтың ұлын екі айға қамауға алған.