Актер Нұртас Адамбай желіде Құранды тәпсірлегені үшін жазаға тартылды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана соты танымал актер Нұртас Адамбайға Instagram желісінде Құраннан үзінді келтіргені үшін айыппұл салды.
Тамыз айында актерді дін істері басқармасы сотқа берген.
"Астана қаласының дін істері басқармасы Instagram парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін мені сотқа берді. Шынымды айтсам, біздің елде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім", – деп жазды ол.
Ол әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ актер мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны сотқа шақыруды сұрады.
"Нұртас Адамбай сотта жеңіліп қалды. Бұл тамыз айының аяғында белгілі болды. Бұрынғы КВН мүшесі және актер діни материалдарды таратқаны үшін, желіде Құран сүрелері мен аяттарын келтіргені үшін 184 600 теңге айыппұл төледі. Бұл тек заңда көрсетілген жерлерде ғана жасалуы тиіс. Сондай-ақ ол мәдениет және ақпарат министрін, яғни Аида Балаеваны, тым болмаса оның орынбасарын сотқа шақыруды өтінді, бірақ оған рұқсат берілмеді", – делінген хабарламада.