BANNER

«SHEKER» фильмі үлкен экранда

SHEKER

Бүгінге дейін көрермен назарына көп бөлімнен тұратын сериал ретінде ұсынылған «SHEKER» туындысы үлкен экранға жол тартты. Бүгін қарағандылық киносүйер қауым фильмге жаппай билет алуда. Фильм туралы және көрермен пікірі жайлы Life09 ақпарат агенттігінің тілшісі біліп қайтты. 

«SHEKER» туындысы осыдан 4 жыл бұрын көрермен назарына ұсынылды. Еліміздің киноиндустриясының дамып жатқанын көрсететін бұл туынды осыған дейін Пусанда өткен халықаралық байқауда ең үздік веб-сериал атағын жеңіп алған болатын.
Басты кейіпкер Алдияр өміріндегі қандай да бір қиындықтарды жеңіл жолмен шешкісі келіп, үлкен қиындықтарға тап болады. Ақшаны қалай тез әрі оңай табуға болатынын түсінген Алдияр бұл іспен айналысуын тоқтатпайды. Сериалда режиссер синтетикалық есірткіге жоламауды және оны тасымалдаудың жақсы жолға алып келмейтінін көрсетеді. 
Осылайша сериалды ел аумағында ғана емес, алыс-жақын шетелдік көрермендерге де көруге мүмкіндік берілді. 
Екі маусымнан тұратын бұл сериал енді үлкен экранға жол тартты. 

Life


«SHEKER»-дің қарағандылық көрермендері бірінші күннен-ақ залды лық толтырды. Билеттер сатылымға қойылған уақыттан бастап бірнеше сағатта өтіп кетіп жатыр. 

Фильм көптеген көрерменнің оң бағасын алуда. 

«Фильм маған қатты ұнады, оннан он деген баға беремін. Қызықты сәттер өте көп! Өте жақсы түсірілген, әсіресе сюжеті ұнады. Мен қазір кішігірім шокта тұрмын десем де болады. Фильмге келмес бұрын сериалды қайта қарап шықтым, маған фильм қаттырақ ұнады. Оқиғаны қалай бар солай жеткізді, бұл жолдың жаман екенін толық түсіндіре алды деп ойлаймын», - дейді қарағандылық көрермен Ақниет Күншарова. 
 

Salem

Сериалды фильмнен қызығырақ деген де көрермендер табылды. 

«Жалпы жаман емес, бірақ кей сәттерде әлсіздеу болған сияқты. Актерлер қатты рөлге беріліп кеткендей де болды. Негізі фильм жақсы, бірақ мен «SHEKER»-дің сериалы жақсырақ деген баға берер едім. Фильмнен қарағанда маған сериал қатты ұнайды. Жалпы баға берсем оннан жеті, бәлкім сегіз беретін шығармын», - дейді Қазыбек.