Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы ЮНЕСКО-да атап өтіледі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жазушының 100 жылдығын мерекелеу басталды. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылында Нарынқолда ескерткіш тұрғызылады. Сондай-ақ, жазушының есімі бірқатар саябақтарға, білім беру мекемесіне және облыстық кітапханаға беріледі, делінген мәдениет министрлігінің хабарламасында.
Бердібек Соқпақбаев балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгімелер, повестер, романдар жазды. "Менің атым Қожа", "16 жасар чемпион", "Өлгендер қайтып келмейді" шығармаларымен талай қазақ сусындап өсті.
Айта кетейік, отандық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан жазушының 100 жылдық мерейтойын тойлау Алматыдан басталады.